06 желтоқсан
  • Қазақтелеком Бизнес Күнтізбе 2026

    Қазақтелеком Бизнес Күнтізбе 2026

    Күн сайын Kazakhtelecom Business еліміздің мыңдаған кәсіпкерлеріне дамуға – алғашқы қоңыраулар мен алғашқы клиенттерден бастап бизнесті масштабтауға дейін көмектеседі. Өйткені, тек берік байланыс мықты жетістік хикяларын тудырады.

    2026 күнтізбесі - бұл сенімді серіктестікті көрсету тәсілі. Оның кейіпкерлері Қазақстанды алға бастыратын адамдар. Батыл, армандауға және өз ісіне жауапкершілікті алуға дайын. Бұл білім, медицина, ауыл шаруашылығы, спорт, шығармашылық және қайырымдылық өкілдері. Оларды жасампаздық энергиясы мен айналадағы өмірді жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылыс біріктіреді.

    Күнтізбенің мұқабасы дәлдікті, тәртіпті және үздіксіз даму қозғалысын бейнелейтін сағаттың циферблаты түрінде орындалған. Уақыт – бұл әр кәсіпкердің басты капиталы: оны жинақтауға болмайды, бірақ оны басқаруды үйренуге болады. Циферблаттағы әрбір сан бизнестің даму кезеңін және жоба кейіпкерлерінің сипатын көрсетеді: 7 - ішкі күш пен білім, 8 - идеялардың тұрақтылығы, 9 – даналық, 10 – кемелділік пен нәтиже, 11 - түйсік пен ынтымақтастық.

    Жоба қазақстандық бизнестің нағыз күшін, оның алуан түрлілігі мен адамгершілігін білдіреді. Қатысушылардың әңгімелерінен шабыт ала отырып, біз өзімізге ұлы қадамның бір қадамнан басталатынын және қолдаудың жолды нық ететінін еске саламыз.