

Біз – Қазақстанның телекоммуникация саласының көшбасшыларымыз. 30 жылдан астам уақыт бойы біздің команда адамдарды, идеялар мен мүмкіндіктерді біріктіріп келеді, сондай-ақ цифрлық Қазақстанның негізін құруда. Біз бизнестің дамуына, мемлекеттің технологиялық тұрғыдан жетілуіне және қоғамның баййланыста болуына көмектесеміз.
Біздің миссиямыз – миллиондаған адамдарды, компанияларды және аймақтарды біртұтас цифрлық кеңістікте байланыстыра отырып, елдің өткені мен болашағы арасындағы технологиялық көпір болу.
Біз Қазақстанның әлемдік цифрлық экономика картасында өз орнын сенімді түрде иеленуіне ұмтыламыз. Ол үшін біз талшықты-оптикалық инфрақұрылымды дамытамыз, инновациялық шешімдерді енгіземіз және кәсіпкердің жолын жеңіл әрі сенімді ететін өнімдер жасаймыз.
Kazakhtelecom Business шағын, орта және ірі бизнеспен, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен жұмыс істейді.
Әрбір клиент үшін біз тек оператор ғана емес, дамуға сеп беретін серіктес бола отырып, түсінікті және тиімді шешімдерді таңдаймыз. Біздің Kasipker және Seriktes флагмандық пакеттеріміз осылай пайда болды. Бұл өнімдер бизнеске жедел, қауіпсіз және тиімдірек жұмыс істеуге көмектесе отырып, Қазақстандағы іскерлік байланыстың стандартына айналды.
Kasipker жеке кәсіпкерлер үшін жасалған: ол интернетті оптика, SIP-телефония, бизнес-ұялы байланыс, IMOU KT бейнебақылау, TV+Business және антивирустық қорғау бойынша біріктіреді. Бүгінде бұл пакетті бүкіл ел бойынша 30 мыңнан астам клиент таңдады.
Seriktes ЖШС және корпоративтік компанияларға бағытталған. Оның байланыс, интернет және телефония үшін шешімдерін 4500–ден астам ұйым пайдаланады, олар үшін тұрақты байланыс - дамудың кепілі болып табылады.
Біз технологияның қоғамға қызмет етуі керек екеніне сенеміз. Сондықтан біз әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударамыз. 2025 жылы біз 200 мыңнан астам оқушылар мен педагогтарды жылдам интернетпен қамтамасыз етіп, GPON технологиясы бойынша 531 мектепті (пассивті оптикалық желілердің озық жүйесі) қостық. «Ақылды мектеп» жобасы мектептерді заманауи цифрлық білім орталықтарына айналдырады, мұнда барлығы да - қауіпсіздіктен бастап оқытуға дейін - технологиялар мен адамдарға қамқорлық жасауға негізделген.
Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру, әсіресе шалғайдағы ауылдық жерлерде қиындықсыз өтпейді. Мұндағы негізгі қиындықтар географиялық ерекшеліктеріне байланысты. Осы кедергілерді еңсеру үшін компания туындаған мәселелерді жедел шешіп, әр мектеп үшін оңтайлы техникалық шешімдерді таңдай отырып, жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істейді.
Kazakhtelecom ұлттық нарық шегінен белсенді шығып отыр. Mobile World Congress 2025 конференцияларында біз әлемдегі ең ірі операторлармен — Uzbektelecom, Қырғызтелеком, Мегафон, Ростелеком, Arelion, China Telecom және басқалармен меморандумдарға қол қойдық.
Біз бірге Қазақстанда Еуропа мен Азияны біріктіретін және мемлекеттік бюджетке қосымша жүктемесіз деректерді цифрлық алмасудың жаңа драйвері болатын халықаралық телеком-хаб жасаймыз.
Kazakhtelecom Business Қазақстан кәсіпкерлеріне сенімді түрде алға басуға — жасауға, құруға және дамуға сеп беруді жалғастыруда. Өйткені, байланыс мықты болған кезде бәрі де мүмкін.