Кейде жымию мен жылы сөздің өзі қызметтің өзінен кем түспейді. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі – бұл міндетті, бірақ басты назар сервисте болу керек

Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибем маған өз өндірісімді бастап, Crocus бөтелкедегі суын жеткізу қызметін жолға қоюға шабыт берді. Алғашқы қадамдар оңай болған жоқ: клиент тарту мен қызметкерлерді ұстап қалу керек болды. Бірақ жарнама, лайықты жұмыс шарттары мен достық атмосфераны құрудың арқасында біз команда құрып, тұтынушылардың сеніміне ие болдық.
Кез келген кәсіпкер үшін ең бастысы – батылдық пен шешім қабылдай білу. Әрине, білім де маңызды: неғұрлым көп білсең, соғұрлым қателіктер аз болады. Ең бастысы – көп ойланып, кейінге қалдырмай, әрекет ете бастау. Тіпті ең қарапайым, аз шығынмен жасалған алғашқы қадамның өзі әрекетсіздіктен әлдеқайда артық.
Біздің компанияның ұраны – «Крокуспен өмір жақсырақ болады!». Мен біздің өнім адамдардың өмірін жеңілдетеді, ал сервис оны жайлы етеді деп сенемін. Біздің өнім ауыр: 19 литрлік суды дүкеннен көп адам таси бермейді. Сондықтан мұнда сервис – басты фактор: қоңырау шалудан немесе қосымша арқылы тапсырыс беруден бастап, үйге дейін жеткізуге дейін. Осы ұсақ-түйектерге мұқият қарау бізге бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Менің ойымша, клиенттің қажеттілігіне бейілділік маңызды. Мысалы, егер клиентке қосымша арқылы төлем жасау ыңғайсыз болса, біз бұл үдерісті жақсартуға тырысамыз. Бұл барлық талапты орындау керек деген сөз емес, бірақ егер ол шын мәнінде ыңғайлылықты арттырса – ести білу және іске асыру маңызды. Жеткізуде үнемдеуге болатын жерде артық шығын шығармай, үдерістерді оңтайландыру да маңызды.
Мен үшін ең үлкен мотивация – біз бірінші қажеттіліктегі іспен айналысып жатқанымызды сезіну: таза ауыз су. Ұңғымадан алынған және алдын ала тазартылған ауыз су дәмі жағынан дүкен сөрелеріедегі сулардан қатты ерекшеленбейді. Бірақ оны бар күш-жігер салып, барлық санитарлық талаптарды және тазарту технологияларын сақтай отырып өндіру – кез келгеннің қолынан келмейді!
Біздің компанияда еңбек етіп жүрген адамдар – бәрінің негізі. Мен осындай маңызды іспен айналысып жатқаным үшін өзімді бақытты санаймын, маған қосымша мотивация қажет емес. Алайда, әрине, командада күйзеліс те болады – бұл қалыпты жағдай, себебі адамдармен жұмыс істеу оңай емес. Бірақ бізде қызметкерлерді қолдайтын атмосфера қалыптасқан. Бұл – менің жеке энергиям мен айналама сергек адамдарды жинай алу қабілетімнің нәтижесі шығар. Сондай-ақ мен кеңседегі атмосфераға көп көңіл бөлемін. Біз шағын ұжыммен жиналып, туған күндерді атап өтеміз, шай ішеміз. Бұл бірлік сезімін тудырып, адамдардың басқа жұмыс іздеуіне себеп қалдырмайды.
Біз барлық пікірлерге – оң да, сынға да – ризамыз, өйткені олар бізді жақсартуға көмектеседі.
Компанияның дамуына келсек, ең алдымен өндірістік алаңдарды кеңейту туралы ойлаймыз. Бастапқыда үй-жай кішкентай, жабдықтар жартылай автоматты, өнімділік төмен болатын. Қазір ауқым үлкейіп, әрі қарай даму қажет. Екіншіден, адами фактордың ықпалын азайту үшін заманауи автоматтандырылған жабдықтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ сервисті дамытқымыз келеді: мысалы, клиентке алдағы жеткізу туралы хабарлама жіберу. Әрине, тазарту жабдықтарын үнемі жетілдіру, әлемдік инновацияларды енгізу жұмыстарын да жалғастырамыз.